Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Бөтеннің малын сатып жіберген бақташы жауапқа тартылмақ

Бөтеннің малын сатып жіберген бақташы жауапқа тартылмақ

Ордабасылық полицейлер 16 000 000 теңгенің малын сатып жіберген бақташыны ұстады, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
«Мал – баққанға бітеді», яғни төрт түлік малдың қадір-қасиетін білетіндерге оны өсірудің машақаты жақсы мәлім. Алайда сол жазғы-қысқы бағымын қадағалап, азық-суын сайлап, тұратын орнын жайлап, төрт түліктің табан астында қолды болып кетіп жататын жағдай да аз емес. «Мал ашуы – жан ашуы». Төрт түлігі қолды болып, қыруар шығынға ұшыраған ауыл тұрғындары полицияға жүгінді.
Түркістан облысы, Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның мал бағатын бақташыларының бірі сеніп тапсырылған асылтұқымды қойларының ішінен әрқайсысы 70 000 теңге тұратын 200-ден астам малын талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 000 000 теңгеден асады.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Қодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай күдікті жәбірленушінің бақташысы, Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Сезікті 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата берген. Ол өзінің несиелері мен қарыздарын өтеу үшін қылмысқа барғанын мойындады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қырағы болуды және өз малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады.
Сондай-ақ, мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Егер сіз де, малыңызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*