«Зорлық-зомбылық» акциясы аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді Полицейлер «Зорлық-зомбылық» акциясы аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты республикалық акция барлық полицейлердің ұйымдастыруымен әр ауданда жүргізілуде.
Мәселен, Жетісай аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Жанна Шалбекова, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын орындарға барды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар халық арасында түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Онда зорлық-зомбылық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлап, азаматтардың полиция органдарына деген сенімін арттыру мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр тұрғынмен жеке сөйлесіп, олардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Қазіргі таңда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі құқықтық міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекетіміз барлық шараларды қабылдап отырғанына қарамастан, кейбір отбасыларда аналарға және балаларға ерлері яғни, жұбайы әкелері тарапынан жасалатын физиологиялық, психологиялық зәбір көрсету тыйылмай отыр. Сонымен қатар әйелдердің құқығы заңмен қорғалатынын қандай жағдайға тап болғанда полиция қызметкерлеріне хабарласу керектігі жайлы айтты.
Полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын орындарға зорлық-зомбылық бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы 10-ға жуық плакаттар іліп, 100-ге тарта жаднамалар мен буклеттер таратты. Іс-шараға қатысқандар өздерінің тұрмысқа қатысты туындаған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.