Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » 100-ден аса жасөспірім мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

100-ден аса жасөспірім мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Полицейлер кәмелетке толмаған 100-ден аса жасөспірім мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс қашанда өзекті. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазығұрт ауданының полицейлері түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Ондағы мақсат – қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, қылмыстық жайттарды болдырмау және оның алдын алу. Осы бағытта полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, кәмелет жасына толмаған 100-ден аса жасқспірімге ата-аналарының қарауынсыз жүрмеуін ескертті. Полицейлер қала аумағында халық көп баратын орындарға, саябақтарға барып, түнгі сағат 22:00-ден соң, жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруіне тыйым салынатындығы жайлы ескертулер жасады. Егер де, екінші рет қайталанған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығын түсіндірді.
Сонымен қатар полицейлер кәмелет жасына толмағандарға тыйым салынған уақытта қызмет көрсеткен ойын алаңшаларының, компьютер клубтарының, кафелер мен мейрамханалардың иелеріне шара көрілетіндігі туралы еске салады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың басты міндеті. Олардың қатысуымен болатын түрлі құқық бұзушылықты болдырмас үшін, ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауы керек. Түнгі уақытта қараусыз жібермей, оларға жауапты болуы тиіс.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы деген ұғым бар. Сондықтан, жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы насихаттау жұмыстарын олардың ата-аналарының арасында жүргізу әлдеқайда тиімді болып, оң нәтижесін береді деген сенімдеміз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*