Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері түркістан облысының кәсіпкерлері 274 жобаға 9,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соған қол жеткізу жолдарын түсіндіру үшін облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізілуде. Бұл туралы халықпен кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берген болатын. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру арқылы өңірде жаңа жұмыс орындары ашылуда.
Кәсіпкерлерді қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламалар өңірде сәтті орындалуда. Кәсіпкерлер үшін толық қолжетімді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда облыс алғашқы үштіктен орын алады.
Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Н.Иманқұловтың ұйытқы болуымен өткен басқосу барысында «DAMU» АҚ-ның ТО бойынша өкілі Н.Азизовтың және «Halyk Bank» АҚ-ның ТО бойынша басшысының орынбасары А.Келдібаевтың қатысуларында кәсіпкерлік тақырыбында түйткілді мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлерге 6% бен жеңілдетілген несие беру бағдарламалары, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламаларының қаржыландыру шарттары туралыда толық ақпарат берілді. Жолдары көрсетілді.
Жеңілдетілген несие кәсіп ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Оны алу, құжаттарды дайындау үшін «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі ақысыз негізде толық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*