Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ

Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері ұдайы спортпен шұғылданып, салауатты өмірді ұстанады. «Түркістан Арена» стадионында Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департементі қызметкерлері мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері таңғы жаттығуын өткізді.
Жаттығу соңы жолдастық футбол ойынымен жалғасып, екі команда өзара тартысты ойын өткізді. Тартысқа толы өткен матч 3:3 есебімен тең аяқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүзеге асқан шара жалғасын табады. Аталған шараның басты мақсаты – түрлі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы өзара бірлікті нығайта отырып, бұқаралық спортқа баулу.
Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға барынша жағдай жасалуда. Облыс орталығында салауатты өмір салтын ұстану, оны насихаттау, ұзақ қашықтыққа жүгіру, футбол, волейбол ойындары сынды іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*