Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері мен коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме басшыларымен жиналыс өткізді. Онда қаланың санитарлық-тазалық сақтау мәселесі көтерілді. Шаһар басшысы аудандарда санитарлық-тазалық сақтау, көгалдандыру, шөп ору жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, жұмысына жуапсыздық танытқан бірқатар басшыларға ескерту жасады.
— Тазалық жүргізетін мердігерлер анықталып, жұмысын бастағанына 3 айға жуықтағанымен, тұрғындар тарапынан шағымдар саны азаймауда. Әлеуметтік желіде ай сайын сыни материалдар жариялануда. Оның басты себебі мердігер мекемелерде бүгінде қажетті ресурстар мен жұмыс күші толығымен жетіспеуде. Жұмыспен қамту орталығында 10 мыңнан аса жұмыссыз тіркеуде тұр. Бос жұмыс орындарын жасырмай, соларды жұмысқа тарту керек. Аудан әкімдері тазалықпен айналысатын мердігер мекемелердің жұмысын үйлестіру, қызметін қадағалау, бақылау шараларын жүйелі жолға қоймаған. Әкімдердің жұмысы шашылған қоқыс қалдықтарын мердігер компанияға хабарлап, жинатумен ғана шектелуде. Барлығыңыздан нәтижелі жұмыс көрсетулеріңізді талап етемін, — деді отырыс төрағасы.
Аудан әкімдері тазалық жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Шаһар басшысы жиналыс қорытындысында — кемшіліктерді ретке келтіріп, тазалық сақтау жұмыстарын жүйелендіруді; қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мердігерлердің жұмысын арнайы бақылауға алуды; аудандағы кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы мекемелермен келісім-шартқа тұру арқылы аумағындағы қоқыстарды тазалау, уақытылы шығаруды ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; тұрғындарға тазалық этикасын барынша түсіндіруді тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*