Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАСТАР АРАСЫНДА ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖАСТАР АРАСЫНДА ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бақытты мекен» жобасы аясында жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп жазады жастар ресурстық орталығына сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Мақсаты жастар мен жасөспірімдердің арасында девиантты мінез-құлықтың алдын-алу және өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі: отбасы тəрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы: олар: əке-шешесінің теріс үлгісі, ата-ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасындағы жағымсыз ахуал, тұла бойы болып тұратын ұрыс, жанжал т.б. баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу. Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай, түзету қиын.

Девиантты мінез-құлық — балалар мен жасөспірімдердің жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекеттері,оқудан қасақана жалтару, отбасынан немесе балаларды оқыту –тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі келіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасауы, қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқы.

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбекқорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауытқушылықты білдіреді.

Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі.

Іс-шара Еңбекші және Қаратау аудан жастарының қатысуымен өткізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*