Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясында Келесте келелі кездесу өтті

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясында Келесте келелі кездесу өтті

Келес ауданының полиция қызметкерлері әкімдік жанында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының хатшысы Ж.Махамбеталиева, аналар кеңесінің төрайымы Г.Сарсенова, полиция майоры Э.Есенкулова, полиция майоры С.Абдрахов, психолог С.Мұрат және де «Сәт» телеарнасының қызметкерлері қатысты.
Шараға жиналғандар зорлық-зомбылық бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға үнпарақтар таратылды.
Жалпы,  көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық білім дең­гейінің және әлеуеметтік-экономика­лық жағдайдың төмен болуы себепті, сондай-ақ, берекелі отбасы болып есептелетін отбасында да туындауы мүмкін.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикалық шаралары  тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу  және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық әңгімелесу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, қорғау нұсқамасын шығару, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды полиция бөліміне жеткізу, әкімшілік жаза қолдану профилактикалық шаралары жүргізіледі.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері бұндай шаралар аудан тұрғындары үшін берері мол. Себебі, әр азамат өзінің құқығын қорғай алуы керек. Және мемлекет тарапынан олар үшін жағдай жасалғандығын еске салады. Егер де, сіз, зорлық зомбылыққа тап болсаңыз, немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*