Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында жиын өтті

Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында жиын өтті

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі таңда өмірге көз — қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруі де ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты.
Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстардың профилактикасы Түркістан облысы Полиция департаментінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі Мадияр Алтынбеков және білім бөлімі, мектеп директорлары, оқушылар мен ата-аналардың қатысуында кең көлемде жиын өткізілді. Шараның мақсаты – қазіргі таңда өзекті мәселенің біріне айналған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және болдырмау. Жиынға қатысқандар әрбір оқушының сабаққа қатысуы, тәртібі теріс әрекеттерден аулақ болуы сөз етіліп, талқыланды. Сонымен қатар жиналғандар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар – бүгінгі жастар. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың атқарар әрекетінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.
Сондықтан қазіргі жағдайда жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күрес жүргізу мәселесі жалпы мемлекеттік деңгейдегі міндеттердің бірі болып табылады.
Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*