Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер акция аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Полицейлер акция аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түлкібастық полицейлер зорлық-зомбылыққа қатысты акция өткізіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Отбасындағы жағдай баланың жарқын болашағына тікелей әсер етеді. Отбасы – бақытты балалықтың мекені. Осы ұстаным әрбір жанұя мүшесінің басты қағидасына айналуы керек. Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді.
Бүгінде елімізде зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдер мен балалар саны әлі де болсын азаймай тұр. Бұндай жағдайға тап болатын адамдар көбіне өздерінің құқығы мен мүдделерімен айналысатын дағдарыс орталықтары барынан бейхабар. Осы тұста Түркістан облысының полиция қызметкерлері әйелдерді қорғайтын заңнамалармен таныстырып, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін ауқымды шара ұйымдастыруда.
Мәселен, Түлкібас ауданы полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Гүлбану Есенқұлова, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының мамандары және дәрігерлермен орталық саябаққа келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық және заңгерлік кеңес беріп, жадынамалар тарқатты. Олар балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін зорлықтың алдын алуға қатысты кеңестер берді. Сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының бар екені туралы атап өтті. Бұндай шаралардың жастар үшін де маңызы зор. Себебі, болашақта өздерінің құқығын қорғай алатын тұлға болып қалыптасады. Шараға қатысқан тұрғындар полиция қызметкерлеріне өздерінің алғыстарын білдірді. Өздері білмейтін жаңа ақпаратпен таныстарғанына және психологиялық кеңеспен бөліскен мамандарға ризашылықтарын жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*