Маусым айының 13 жұлдызынан бастап республика көлемінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы іске асуда. Бұл акция — азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, халықтың бұқара тобын отбасында әйелдермен балаларға қатысты зорлық- зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысын жүзеге асыруға бағытталған.
Аталған акция аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және «Әлеуметтік — психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор мамандары, Ана мен Балаға арналған «КӨМЕК» дағдарыс орталығына арнайы барып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған аналармен кездесу өткізді. Кездесудің бастапқы мақсаты- консультативтік құқықтық кеңес, психологиялық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту болды. Жиынға қатысқандар ондағы өмірлері жайлы айтып, полиция қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Осы тұрғыда полиция қызметкерлері тұрғындарға, жақын туыстарыңыз немесе өзіңіз зорлық-зомбылыққа ұшыраған болсаңыз, мемлекет тарапынан бірқатар көмек түрін ақысыз ала алатындықтарыңызды еске салады.
Негізгі мақсат — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халыктың кең ауқымының аталған проблемаларға аудару.
Акцияны өткізу барысында кәсіпорындарда және ұйымдарда отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жөнінде іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз, таныстарыңыз отбасылық зорлық-зомбылыққа душар болса, төменде көрсетілген нөмірлерге кез келген уақытта хабарласуларыңызға болады.
Тел: 102, 8-705-649-36-12, 8-747-711-73-20