Тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінде қоғамда жиі талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Соңғы кездері бұл қылмыс түрімен күресуге мемлекеттік емес ұйымдар тартылуда. Ал осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Осы орайда, облыс аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық акциясы басталды.
Полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022 жылғы 13-21 маусым аралығында елорда аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты акция барысында жоспарланған іс-шаралар туралы да ақпарат береді. Акцияның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамға отбасылық құндылықтарды сіңіру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асырады.
Мәселен Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Айжан Манапова ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге кеңес берілді.
Сонымен қатар құқық қорғау саласы зорлыққа ұшыраған әйелдер мен балаларды қорғайтынын, олар үшін арнайы ұйымдар бар екендігін де ескертті. Тәртіп сақшылары кездесуге келген әйелдерге «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясына қатысты брошюралар таратты.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеу әр азамат үшін лайықты іс.
Осы тұрғыда полиция қызметкерлері тұрғындарға, жақын туыстарыңыз немесе өзіңіз зорлық-зомбылыққа ұшыраған болсаңыз, мемлекет тарапынан бірқатар көмек түрін ақысыз ала алатындықтарыңызды еске салады.