Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер темір контейнерін ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейлер темір контейнерін ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейлер құны 2 000 000-ға жуық теңгенің темір контейнерін ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Ұрлық түбі – қорлық. Десек те, бүгінгі таңда еліміз бойынша түрлі себептермен қылмыс деңгейі өршіп тұрғандығы жасырын емес. Ойнап жүріп от басқандар түптің –түбінде жазасын алады. Аз ғана затты бұйым көріп, қолды етіп,  аяғын шалыс басқан жандардың тағдыры әрине аянышты.
Түркістан қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның өзі жұмыс жасайтын мекеме аумағында тұрған темір контейнерді белгісіз біреу ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 2 000 000-ға жуық теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына жетті. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғынның ұрлық қылмысына қатысы бар екендігі белгілі болды.
Анықталғандай, күдікті жас жігіт осы мекемеге жақын жердегі фирмалардың бірінде күзетші болып жұмыс жасаған. Ол күнделікті өтіп жүргенде фирмадағы контейнерге көзі түскен. Сезікті ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын қажеттілік үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға тұрғын үйлерге, ғимараттарға, мекемелерге, дүкендерге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыш орнатуға кеңес береді. Егер де сіз, қандайда бір ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*