Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы ауылында орналасқан шекара бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына өту кезінде қызметтік ит белгі бергені хабарланған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды тінту кезінде, оның сол жақ аяғына киген шұлығының ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркілеп алды. Алынған затқа сараптама тағайындалды. Нәтижесінде айғақты зат «гашиш» болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабанасы» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің есірткіні қандай мақсатта алып жүргені анықталуда.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқық бұзушылыққа заңға сәйкес шара көрілетінін ескертеді. Жалпы есірткі қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.
«Жалпы халықтың денсаулығына қауіп төндіретін қылмыс түрі, бұл – есірткіге байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Нашақорлық ұлттық таза қанымызды ғана емес, мемлекеттік қауіпсіздігіміз бен қоғамымыздың тұрақтылығына да кері әсерін тигізеді. Есірткі заттарын қолданған адамзат есінен айырылып, жынды адамша әрекеттер жасауы халық арасында «есті алатын – өлім» деген қорқынышты атауға ие болған. ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 9-наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттарының 72 атауы көрсетілген. Оның ішінде, каннабис, апиын, гашиш, наша, героин, кокаин т.б заттары кіреді», деп ескертеді Түркістан облысы полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын заңдарды сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын заңдарды сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.