Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал сататын орындар тексерілуде

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал сататын орындар тексерілуде

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал сататын орындарды тексеруде.
«Мал – баққанға бітеді» дегендей, төрт түлік малдың қадір-қасиетін білетіндерге оны өсірудің машақаты жақсы мәлім. Алайда, сол жазғы-қысқы бағымын қадағалап, азық-суын сайлап, тұратын орнын жайлап, күтіп отырған үй жануары табан астында қолды болып кетіп жататын жағдайлар да жоқ емес.
Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің айтуынша, төрт түлік негізінен өрісте, жайылымда жүргенде қолды болады екен. Сонымен қатар, шаруалардың қожалығындағы қораларының есіктерін дұрыстап құлыптамай, түнгі мезгілдерде қараусыз қалдырулары да асырап, баққан төлдерінің біреудің жетегінде кетуіне негізгі себеп болып жататын көрінеді. Ал, мал ұрлығын ізін суытпай ашуға, кей жағдайларда, иелерінің бірнеше күн көлемінде өздері іздестіріп, уақыт өткізіп барып полиция қызметкерлеріне хабарлауы да кедергі келтірсе керек.
Әлімсақтан, төрт түлігін түлетіп, содан ризығын алып келе жатқан Қазығұрт ауданының халқы соңғы жылдары жайылымдағы малының қамын ойлап, мазасыз күй кешуде. Оған себеп – ауданда мал ұрлығының өршуі. Осы жағдайға алаңдаған Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шара ұйымдастырып, мал базарларды қатаң бақылауға алды. Сақшылар мал тасымалдайтын 40-қа жуық көліктерді тоқтатып, құжаттарын тексерді.
Тексеру барысында құқық бұзған 6 азамат анықталып, құжаттары заңды шара көрілу үшін аудандық ветеринариялық инспекциясына жолданды.
Атап кетер жайт, жыл басынан бері 43 азаматтың Әкімшілік құқық бұзғаны анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*