Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер «Ашық есік» күнін өткізді

Полицейлер «Ашық есік» күнін өткізді

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық полицейлер оқушылар мен студенттердің қатысуымен «Ашық есік» күнін өткізді, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция полковнигі Бауыржан Алдабергенов пен полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Төреқұлов «Азаматтарды қабылдау» бөлмесінде «Ашық есік» күнін өткізді. Жиынға 20-ға жуық мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орнының студенттері мен ата-аналары қатысты.
Шараның мақсаты — Ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау және оқуға түсуіне тиімді бағыт-бағдар беру.
«Ашық есік» күні полиция қызметкерлері келгендерге полиция қызметінің қыр-сырын, қауіпті әрі жауапты мамандық екендігін айтты. Тәртіп сақшыларының бойынан табылуға тиіс қасиеттер халықтың шын жанашыры болуы ең басты міндет.
Құқық қорғау қызметі – қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.
Студенттерге криминалдық полиция бөліністері, тергеу бөліністері, жедел-криминалистық бөлініс, көш-қон қызметі, ақпараттандыру және байланыс бөліністері, әкімшілік байланыс бөліністері, экстримизмге қарсы іс-қимыл бөліністері, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері мамандығы бойынша жұмысқа тұра алатындығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар ішкі істер органдарының қызметкері болғысы келетіндердің көкейтесті сауалдарына жауап беріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сондықтан, полицей болғысы келетін әрбір жас кез-келген жағдайға дайын болып, қиындықтарға төтеп беруі керектігі жеткізілді. Кездесу соңында ата-аналар мен жастар өздерінің сұрақтарына тұщымды жауап алғандықтарын айтып, алғыстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*