Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы жалғасуда

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы жалғасуда

Полицейлер «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акция аясында кездесу ұйымдастырды.
Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша жұртшылықты кеңінен ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 13-21 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық акциясы өткізілуде.
Мәселен Сарығаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің мамандары Жанар Нұрмышева, Жәнібек Жүнісов тұрғындармен кездесіп,  «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясына қатысты брошюролар таратты.
Отбасындағы зорлық-зомбылық ең алдымен ана мен балаға әсер етері анық. Яғни жанұясында түрлі зорлықты ұрып-соғу, жанжалды көріп өскен баланың санасы уланары сөзсіз. Осындай олқылықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары түрлі кездесулер, жиындар, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Акцияның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамға отбасылық құндылықтарды сіңіру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асырады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеу әр азамат үшін лайықты іс.
Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы болғандықтан, кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап беретіндігін ескертеді.
Сондықтан егер де, сіз, отбасында қысымға тап болсаңыз немесе басқа адамның осы жағдайға тап болғанынан хабардар болсаңыз, міндетті түрде полицияға хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*