Полицейлер жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Адам баласы кез-келген жағдайда жазатайым жағдайға ұшырауы мүмкін. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында полицейлер кездесу өткізді. Жиынға бастауыш, негізгі, орта және жалпы білім беру мектептерінің қызметкерлері қатысты. Тәртіп сақшылары келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында кезекшілік-мобильді топтық жұмыстар жасалатындығын айтты. Кезекшілік-мобильді топтың жоспары бекітіліп, білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікпен жол қозғалыстарын сақтау мақсатында жұмыс атқаруды бастап кетті.
Жалпы, баланың айналамен қарым-қатынасына, өмірге деген көзқарасына, санасының және мінез-құлқының қалыптасуына бірінші кезекте ата-ананың тәрбиесінің рөлі зор.
Жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне барлығымыз ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сол кезде біздің жастарымыз бәсекеге қабілетті, Отанын сүйетін, елге қызмет ететін ұрпақ болары сөзсіз дегім келеді.
Сонымен қатар жазатайым жағдайды болдырмас үшін тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жиналғандар осы тақырып аясында өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Полицейлер жиынға қатысушыларға балаларының өміріне жауапты болып, оларды қадағалау керегін ескертеді. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге жол қозғалысы ережесін сақтау, сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеге шықпау керектігі жайлы да айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар бұған дейін де тұрақты күн тәртібіне енген. Алдағы уақытта да бұл тұрғыдағы жұмыстар жалғасын табатын болады.