Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Спорттық ойын түрінен жарыс өтіп, жеңімпаздар анықталды

Спорттық ойын түрінен жарыс өтіп, жеңімпаздар анықталды

23 маусым — Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл!
Осы айтулы мереке күні жылда дәстүрлі түрде Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің арасында кең көлемде спорттық жарыс ұйымдастырылады. «Қазақстан полициясына 30 жыл» қарсаңында да бұл жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Салауатты өмір салтын ұстанып, жылдамдыққа, икемділікке бағыттайтын жарыс, Департамент аппараты және қала, аудан Полиция басқарламаларының арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанатына, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ә.Сейдуалиев қатысып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, спорттық сайыста сәттілік тіледі. Жалпы Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан спорттық жарыс 20-21 маусым күндері өтті. Оған Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты қала, аудан полиция басқарма, бөлімдерінен 20-дан астам команда қатысты. Спорттық жарыс: «Макаров танашасынан» оқ ату, волейбол, гір тасын көтеру, кермеде тартылу, қол күресі, шағын футбол, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өткізілді. «Дені саудың –тәні сау» дегендей, полицейлерден құралған командалар жарыстың алғашқы күнінде-ақ бір-бірінен шеберліктері арқылы асып-түсіп, жеңіске жету үшін барын салып ойнады. Тартысты ойын өрнегін көрсеткен полицейлер арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар алға суырылып шықты. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Қабденовтің арнайы «Алғыс хатымен» марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтсақ, «Макаров тапаншасынан» оқ ату бойынша І-орынды полиция майоры М.Тұңғатов, ІІ-орынды полиция подполковнигі М.Ермеков, ІІІ-орынды полиция подполковнигі Б.Аманбаев иеленді.
Ал волейбол жарысынан «Үдік шабуылшы» номинациясын полиция подполковнигі С.Дәуленов, «Үздік үйлестіруші» атағын полиция капитаны Е.Наматуллаев, «Үздік ойыншыны» полиция аға лейтенанты Б.Ділдахан иеленді. «Гір тасын көтеру» бойынша І-орынды полиция капитаны С.Ануаров, ІІ-орынды полиция капитаны Е.Кульков, ІІІ-орынды А.Турегелдиев жеңді. «Кермеде тартылу» жарысында І-орынды полиция капитаны Н.Орынбай, ІІ-орынды полиция аға лейтенанты Б.Ақылбеков, ІІІ-орынды полиция майоры С.Нұрмағамбетов қанжығалады. «Қол күресінен» І-орынды Н.Утешов, ІІ-орынды Б.Нұрходжаев, ІІІ-орынды Т.Молдасу жеңіп алды. «Шағын футбол» ойынында командалық есеппен І-орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің жүйрік командасы иеленді. ІІ-орынды оқу-жаттығу взводы, ІІІ-орын Патрульдік полиция батальонының тобына бұйырды.
Ал «Үздік шабуылшы» номинациясын полиция аға лейтенанты С.Мәди жеңсе, «Үздік қорғаушы» номинациясы полиция майоры А.Мұсырманқұловқа берілді. «Үздік қақпашы» полиция капитаны Б.Ажибаев болса, «Ардагер ойыншы» полиция полковнигі Е.Шәмшат болды. Оған қоса «Арқан тарту» ойыны бойынша І-орынды патрульдік полиция, ІІ-орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, ІІІ-орынды оқу-жаттығу взводы алды. Осы тұста ел мен жердің қауіпсіздігін күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылап отыратын, жалпы түрлі қылмыстарды болдырмауға, алдын алуға қызмет ететін полицейлерді мерекелерімен құттықтаймыз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*