Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына орай полицейлер марапатталды

«Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына орай полицейлер марапатталды

«Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына орай полицейлер марапатталды, деп жазады облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция қызметкерлері –қылмыс, құқықбұзушылыққа қарсы тұрып, барлық қиын-қыстау кезеңде халықтың жанынан табылатын маман иелері. Осы тұста «Қазақстан полициясының 30 жылдығын» мерекелеу мақсатында Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев полиция бөлімінің қызметкерлерін, ішкі істер органдарында ұзақ жылдар қызмет еткен ардагерлерді, белсенді қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларын арнайы шара ұйымдастырып, алғыс хаттармен марапаттады.
Атап айтар болсақ, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» полиция майоры Өміржан Жамалов, полиция лейтенанты Бақберген Шайз, полиция бөлімінің кеңсе меңгерушісі Сәуле Алтаева марапатталды. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың «Алғыс хатымен» полиция майоры Алмас Жырауов, полиция капитаны Бекмұрат Ахатаев, полиция аға лейтенанты Нуриддин Байгулбаев, полиция аға лейтенанты Әділет Көшер және полиция аға лейтенанты Берік Аширов марапатталды.
Оған қоса, «Аманат» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының «Алғыс хатымен» полиция майоры Пернебай Сәлібеков, полиция майоры Ерік Алимбаев, полиция капитаны Перизат Иманова, полиция капитаны Нұрсұлтан Байғұлбаев, полиция аға лейтенанты Әміржан Орақбай, полиция аға лейтенанты Бақберген Әбдіғафар, полиция аға сержанты Бекжан Кенжалиев марапатталды.
Қазақстан полициясының 30 жылдығы мерейтойын тәртіп сақшылары осындай жетістіктермен қарсы алды. Ендеше сала үздіктері қандай болсын марапаттарға лайық.
Бұл марапаттар полицейлердің еңбегінің жемісі. Қылмыскерлермен күресу жолында қызмет жасап, ел мен жер үшін аянбай тер төккен барша полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*