Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Келестік сақшылар қайтыс болған қызметтестерін еске алып, құран бағыштады

Келестік сақшылар қайтыс болған қызметтестерін еске алып, құран бағыштады

Түркістан облысы, Келес ауданының сақшылары қайтыс болған қызметтестерін еске алып, құран бағыштады, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазақстан полициясының 30 жылдығына» орай Келес аудандық полиция бөлімінде де мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бірінші кезекте Келес аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы арнайы мерекелік киім үлгісімен салтанатты шеруге сапқа тұрғызылды. Жиынға аудан әкімі, аудан мәслихатының хатшысы, «Аманат» париясының аудандық филиалының төрағасы, ауданы прокуроры және Ішкі істер органдарының ардагерлері құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Іс-шара барысында Келес ауданы құрылғаннан бері полицейлердің атқарған жұмысы арнайы бейнежазбадан көрсетілді. Содан кейін 1 минуттық үнсіздік жарияланып, тәуелсіздік жылдары қызмет бабында қайтыс болған бөлімнің қызметкерлерін еске алу рәсімі өтті.
Іс-шараға келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері өздерінің құттықтау сөздерін айтып, Келес аудандық полиция бөлімінің 30-дан астам қызметкерлерін марапаттады. Сондай-ақ
Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Б.Каныбеков жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтап, 11 қызметкерді Түркістан облыстық поиция департаменті тарапынан берілген 30 жылдық төс белгімен марапаттады. Одан бөлек бөлімнің жұмысын алға тартып, өз қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жүрген 10 қызметкерді «Алғыс хатпен» марапаттады.
Сонымен қатар мәдениет үйінің қызметкерлері, көрермендерге концерттік бағдарламасын ұсынды.
Мерекелік іс-шарадан кейін келестік сақшылар қызмет ете жүріп, жұлдыздары ерте сөнген полицейлердің рухына құран бағыштады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*