Полицейлер қару өткізген тұрғындарға тексеру жүргізді, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысы аумағында 21-30 маусым аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы шара аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлері аталған акция кезінде аудан бойынша тіркеуде тұрған 500-ге жуық қару иелерін тексерді. Тексеру кезінде 5 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Яғни 2 азаматқа қаруды сақтау мерзімі өткені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 486-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу не оны қайта есепке қою тәртібін бұзу», 3 азаматқа қаруды сақтау ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 484-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» хаттама толтырылып, шара көрілді.
Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағында заңсыз айналымнан отты атыс қаруын тәркілеуге және қару иелерін оны сақтау ережелерін тексеру. Сонымен қатар, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын- алу, ескерту және оларды ашу жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғындарға заңсыз қару сақтаудағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру керектігін түсіндірді. Яғни олар үшін әкімшілік не қылмыстық жауапкерлішікке тартылмайтындығын еске салады.