Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай мерекелік шаралар жалғасуда

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай мерекелік шаралар жалғасуда

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің құрылуына 30 жыл толуына орай Түлкібас ауданындағы мәдениет үйінде полицейлерге арналған мерекелік шара болып өтті, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Мерекелік іс-шараға Түлкібас ауданының әкімінің орынбасары Е.Орманов, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Б.Кенжебаев, полиция подполковнигі Қ.Түймебаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатбаев, Ішкі істер органдарының ардагерлері және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Мерекелік шарада қызметін адал атқарып, ел игілігі үшін аянбай жұмыс жасайтын полицейлер марапатталды.
Атап айтар болсақ, аудан әкімінің алғыс хатымен полиция полковнигі Бақытғали Кенжебаев, полиция майоры Бекарыс Сұлтанов, полиция майоры Бауыржан Амиров, полиция подполковнигі Жомарт Туребаев, полиция капитаны Акимжан Досунбеков, полиция лейтенанты Нұрлан Еламанов, полиция майоры Бақытжан Джанивсенов, полиция майоры Нұрлан Өміралиев, полиция капитаны Еркінбек Сәбитбек, полиция майоры Сағынғали Алдабергенов, полиция майоры Қайрат Аблаев, полиция майоры Руслан Бескемпір, полиция капитаны Ринат Бугубаев, полиция подполковнигі Абзал Аитов, полиция аға сержанты Дәулет Темірбеков, полиция старшинасы Абилсеит Молдакулов, полиция майоры Сержан Омарбеков, полиция аға сержанты Бақытбек Толеушов марапатталды.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі Б.Кенжебаевтың «Алғыс хатымен» Ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды. Сонымен қатар Түркістан облысы «Аманат» партиясының төрағасы Б.Тәжібаевтың алғыс хатымен 10-ға жуық полиция қызметкері марапатталса, «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісі 10-ға жуық тәртіп сақшысына бұйырды. Салтанатты жиынның соңы мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Одан әрі салтанатты шараны полицейлер кіші футболдан турнир өткізді. Бұл турнирге прокуратура, Өрт сөндіру бекетінің , газ қызметкерлері, полиция ардагерлері және полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Өздерінің жылдамдықтарымен дараланып, 1-орын Түлкібас ауданының прокуратурасына, 2-орын Газ командасына, 3-орын «Өрт сөндіру бекеті» командасы иемделіп, оларға құнды сыйлықтар беріліп, арнайы кубок, грамоталармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*