Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Төлеби ауданының тәртіп сақшылары кәсіби мерекелерін атап өтті

Төлеби ауданының тәртіп сақшылары кәсіби мерекелерін атап өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданының тәртіп сақшылары кәсіби мерекелерін атап өтті, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар ішінде тәртіп сақшылары ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі еңбек сіңірді деп сеніммен айта аламыз.
Аталмыш мерейлі мерекеге орай Төлеби ауданында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев, полиция полковниктері Ш.Оңғаров, Т.Қозыбақов және ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Татыбаев бастаған ішкі істер органының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Шара барысында полиция подполковнигі Б.Жанаев баяндама жасап, «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен аудан әкімі Т.Телғараевты марапаттады. Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімі Т. Телғараев ардагерлерді, жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтап, 15 қызметкерге «Алғыс хат» табыстады. Салтанатты шараның қонақтары Төлеби аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров полицейлерді аудан дамуы жолында аянбай еңбек еткен 15 тәртіп сақшысына «Алғыс хат» беріп, Төлеби ауданына 90 жыл толуына орай арнайы төс белгісін тақты.
Сондай-ақ «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен 12 қызметкерді, Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен полиция майоры С.Умбетовті , сонымен қатар Төлеби аудандық полиция бөлім бастығының алғыс хатымен 8 ІІО-ның ардагерлері мен 40 полиция қызметкері марапатталды.
Мерекелік жиын көркем өнерпаздардың әуелеген ән, күмбірлеген күйімен жалғасты. Полиция өмірінен арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*