Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына -30 жыл. елімізде 23 маусым полиция күні ретінде атап өтіледі. Осы кәсіби мереке қарсаңында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тәртіп сақшыларын құттықтады. Сала үздіктері марапатталды, деп хабарлайды Оңтүстік телеарнасына сілтеме жасаған jetpisbai.kz.
Түркістанға келетін бірнеше жол бар. Соның әуеден және темір жолмен келетін жолаушыларының қауіпсіздігін желілік полиция бөлімі бақылайды. Мұнда көші-қон талаптарын бұзатындар мен есірткі затын алып өтпекші болғандар да кездеседі. Сондықтан олардың атқаратын жұмысы ерен.
Дастан Орынбаев- Түркістан қаласы Желілік полиция бөлімінің бастығы: Штат бойынша 53 қызметкер бар. Жыл басынан бері 760 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде әкімшілік хаттамалардан 719 мың айыппұлдар өндірілді. жыл басынан бері темур жол аймағында оқыс оқиғалар орын алған жоқ. Адам басып кету оқиғалары орын алған жоқ. қазіргі таңда біздің полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қызмет атқаруда.
Нұрбол Тұрашбеков- Түркістан қаласының әкімі: Полиция қызметкері болу ол ауыр да қиыншылығы мол қызмет. Сіздердің негізгі қоғамдық қызмет тыныштықты сақтау , азаматтарымыздың тыныштығын сақтаудағы бұқаралық ақпарат құралдарымен қызмет жасаудағы сіздердің мынау қаламыздағы қылмыстың болдырмаудағы алдын алудағы жұмыстарыңыз орасан зор. Сол себепті сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңызға қала халқының атынан үлкен алғыс білдіргім келеді.
Түркістанда 2018 жылмен салыстырғанда қылмыс саны 2021 жылы екі есеге азайған . 2018жылы – 2070 қылмыс тіркелген болса былтыр 950 қылмыс анықталған. Қарақшылық, бұзақылық, тонау, ұрлық жол-көлік оқиғалары, жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен суицидтер жылдан жылға азайып келеді.Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері екі маусымда күндіз түні демалмай жұмыс істеп жатыр.
Абдрахман Тоқбергенов — Түркістан қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция бөлімі бастығының орынбасары: Қазір ұрлық бар тонау бар, ауыр қылмыстарға жатады. кісі өлімі бар олардың барлығы 90-95 пайыз ашылып жатыр. Одан бөлек нөлдік төзімділік бар көшегеі өздеріңіз білесіздер қоғамдық орындарды ластату , бүлдіру қоғамдық орындарда масаң күйде жүру. Ол бойынша да күнделікті жұмыс атқарылып жатыр.
Қазақстан полициясының 30 жылдығы мерейтойын тәртіп сақшылары осындай жетістіктермен қарсы алды. Ендеше сала үздіктері қандай болсын марапаттарға лайық.