Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полиция қызметкерлері мерекені атап өтті

Полиция қызметкерлері мерекені атап өтті

«Қазақстан полициясына 30 жыл» мерекесі аудандарда ерекше аталып өтілуде, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін 23 маусым, елімізде полиция күні аталып өтеді. Биыл қоғамдық құқық қорғау қызметінің құрылғанына 30 жыл. Бұл – Қазақстанның тәуелсіздігін қорғап жүрген полиция қызметкерлеріне алғыс айту күні.

Аталған мереке – өз ісіне адал қызмет етіп, халықтың құрметіне ие болған ардагерлер мен бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген бүгінгі күннің батырларына көрсетілген құрметтің белгісі деуге болады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап полиция қызметкерлері мемлекеттегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қойылған міндеттерді табысты орындап келеді.

Осынау айтулы мереке қарсаңында Мақтааралдық полицейлер мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, мәслихат хатшысы Қадыр Сәрсекбаев, басқа да саланың басшы құрамы қатысып, полицейлерді құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Сондай-ақ ауданның тыныштығын күзетіп жүрген тәртіп сақшылары марапатталды.

Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Түркістан облысы Полиция департаментінің «Алғыс хаттары», «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісі, аудан әкімі, мәслихат тарапынан үздік қызметкерлер марапатталып, құрметке бөленді
Сонымен қатар, ардагерін ардақтаған жеке құрам, ішкі істер органдарында қызмет істеп, зейнетке шыққан ардагерлерді құттықтап, оларға полиция бөлімінің арнайы «Алғыс хатын» табыстады.
Шара соңында мәдениет үйінің өнерпаздары өздерінің өнерлерін ортаға салып, полиция қызметкерлеріне арнайы мерекелік концерт қойды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*