Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Мерекелік марапат, жұлдыздармен жүздесу, спорттық сайыс

Мерекелік марапат, жұлдыздармен жүздесу, спорттық сайыс

«Қазақстан полициясының 30 жылдығына» орай Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Арыс қаласы мәдениет сарайында концерттік іс-шара ұйымдастырылды, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараға әкімшілік және маслихат , «Аманат» партиясы, полиция бөлімінің бастығы мен құрам қатысты. Салтанатты шара Арыс полициясының тарихы түсірілген бейнероликпен бастау алды.
Өз кезегінде департамент бастығының мерекелік төсбелгілері өз иелеріне табысталды. Ерекшелігі сол, аталған жиында Қазақстан Республикасының жарық жұлдыздары, өнер майталмандары Нұржамал Үсенбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Еркін Нұржан, Нұржан Төлендиев, Заттыбек Көпбосынұлы, «Алдараспан», «Шымкент шоу» , «Шаншар» театрының әртістері өнер көрсетіп, ән шырқап полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Концертке қонақ ретінде қызметкерлердің ата-аналары, жұбайлары және балалары, бөлім ардагерлері шақыртылды.
Сондай-ақ спорттық сайыс ұйымдастырылып, жүлделі орын алғандар қаржылай марапатталды. Жалпы жарыс футбол ойынынан өткізіліп, іс-шараға 10 команда қатысты. Осылайша Арыс қаласында «Полиция күні» ауқымды шаралар өткізілді.
Айта кетейік, 2007 жылы осы күні Қазақстанда Полиция күні ретінде бекітілген. Себебі, 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдағанды.  2007 жылы Мемлекет басшысының жарлығы бойынша 23 маусым Полиция күнi деп ресми түрде бекiтiлген. Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстан Республикасының Полиция күнi мерекесі тойланады.  Бұл күні ішкі істер сапындағы полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, табысты жұмысымен көзге түскендер марапатталады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*