Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Тұрғынның атынан несие рәсімдеген

Тұрғынның атынан несие рәсімдеген

Түркістан облысы, Төлеби аудандық полицейлер тұрғынның атынан несие рәсімдеген жас қызды ұстады, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгінде алаяқтар жұртқа миллиондап несие рәсімдеуді тоқтатар емес. Қарапайым халық ірі сомадағы қаражатынан қағылып, көпшілігі қарызға батып жатыр. Полицейлер мен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне осы бойынша арызданушылар көбейген. Бұл өз кезегінде азаматтардың қаржылай сауатсыздығы мен сенгіштігі оларды сергелдеңге түсіріп отыр, дейді тәртіп сақшылары.
Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы ұялы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 000 теңге, шағын несие беру ұйымынан 79 000 теңге несие рәсімдеген. Әйел адам мұны қарызыңыз көбейіп кетті деп банк қызметкері хабарласқанда ғана біледі. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 639 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
Анықталғандай күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кез-келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Жеке счет нөмірлеріңіз бен төлқұжаттарыңызды, ұялы телефондарыңызға мұқият болып, сенімсіз адамдарға бермеуді ескертеді. Өз қырағылығыңыз ғана мына заманда алаяқтар құрығына түспеуге мүмкіндік беретінін есте сақтаңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*