Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » 30 түп есірткі өсімдігін өсірген тұрғынды анықтады

30 түп есірткі өсімдігін өсірген тұрғынды анықтады

Полицейлер 30 түп «сора» есірткі өсімдігін өсірген тұрғынды анықтады, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Адам күн көрістің қамы үшін барлық іске барады. Алайда біреудің қайғысымен күн көру адамгершілікке жатпаса керек. Бұл күнде есірткі адам тәнін ғана емес, санасын да улайтын пәлекетке айналып отыр.«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен аудан тұрғынын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТБТ-ға енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тексеру кезінде ауласынан 26 түп, ауланың сыртында ағаштармен қоршалған жерден 4 түп есірткіге ұқсас өсімдік тауып, тәркіленіп алынды. Айғақты зат ретінде алынған заттарға сараптама тағайындалды. Нәтижесінде оның «сора» есірткісі екені расталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқық бұзушылыққа заңға сәйкес шара көрілетінін ескертеді. Жалпы есірткі қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін еске салып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*