Жақсылық жасау – біздің ата-бабамыздан жалғасқан ұлы қасиет. Мұның мәні бүгін де өзгерген жоқ. Өзгелерге үнемі жақсылық жасап тұратын адамдар бар. Солардың адамгершілігі мен ізгілігі арқасында өмір үміті үзілмейді. Армандар орындалып, биік асулар алынуда. Мұның нақты көрінісін Түркістан қалалық оңалту орталығының тәрбиеленушілері бастан кешіп отыр.
Түркістан облысының полицейлері ерекше балаларға арнап қайырымдылық концерт қойды, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына және Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай ерекше балаларға арнайы мерекелік шара өтті. Балалардың қуанышында шек болмады. Полиция полковнигі Ерлан Шамшаттың бастауымен және Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірігіп, 40-тан астам мүмкіндігі шектеулі балалар емделетін оңалту орталығына барды. Тәртіп сақшылары жасөспірімдер үшін мерекелік концерт әзірлеп, патриоттық және эстрадалық әндер шырқады. Көңілдері көтерілген балалар полицейлермен бірге би билеп, оларға қошемет көрсетті.
Шара соңында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге арнап әкелген түрлі ойыншықтарды таратып, оларға мықты денсаулық пен амандық тіледі. Балалар полицей ағаларымен етене араласып, Балалардың ең болмаса бір сағаттық өміріне шуақ сыйлай алғанымы үшін поицей қызметкерлерінің де қуаныштары шексіз.
Шарада сөз алған Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әшімхан Мырзаханов: «Біз, үлкендер үшін ең үлкен сыйлық – балалардың бақытты көздері мен қуанышты күлкілері. Мен сіздердің сауығып кетулеріңізді және барлық армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Бұндай шаралар полиция қызметкерлері тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады» — деп атап өтті.