Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Сеніп тапсырған мүлікті сатып жіберген бақташы қамауға алынды

Сеніп тапсырған мүлікті сатып жіберген бақташы қамауға алынды

Тұрғынның сеніп тапсырған малын сатып жіберген бақташы қамауға алынды, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, мал бағумен айналысатын танысына құны 700 000 теңгелік құлынды биесін, 600 000 теңгелік жылқысын сеніп тапсырған. Арадан екі айдай уақыт өткенде жәбірленуші малын түгендеуге барғанында бақташы жалдап, бағып-қарауға сеніп тапсырған жылқылары жоқ болып шыққан. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 300 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-1-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында бақташы ер адамды ұстады. Сезікті жас жігіт сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам мұндай әрекетке қаражат тапшылығына байланысты барған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұолықтың түбі — қорлық екені белгілі. Қаражат тапшылығынан немесе басқа да түрлі сылтаулармен бөтеннің мүлкіне қол сұғу — ешқандай да жауапкершілікті, жазаны жеңілдетпейді.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері ауылдықтарға қырағы болуды және өз малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады.
Сондай-ақ мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар.
Егер, сіз, малыңызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз тез арада 102 телефонына хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*