Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістанда «Заңсыз келуші-2022» іс-шарасы жалғасуда

Түркістанда «Заңсыз келуші-2022» іс-шарасы жалғасуда

Полицейлер «Заңсыз келуші-2022» іс-шарасы аясында 180-нен астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған шара 27-маусым мен 4-шілде күндері аралығында өткізілуде.
Профилактикалық шараның бір тәулігінде облыс көлемінде 187 құқық бұзушылық анықталды. Мысалы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 141 шетел азаматына әкімшілік хаттама толтырылды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 38 тұрғынға ескерту жасалды. ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Республиканың заңнамасын бұза отырып тарту» жайтымен 8 Қазақстан Республикасының азаматына айыппұл салынды. Сондай-ақ 30 шетелдікті ел аумағынан аластату жұмыстары жүргізілуде.
Атап өтсек, шараның негізгі мақсаты — облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау болып табылады.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*