Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Алтын бұйымдарын ұрлап кеткендер жазаланбақ

Алтын бұйымдарын ұрлап кеткендер жазаланбақ

Полицейлер көршісінің 1 500 000 теңгеге жуық алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, шкаф ішінде тұрған 11 дана алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 500 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпарат келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты.
Анықталғандай күдікті қаражат қажеттілігіне байланысты осындай қадамға барған. Ер адам түнгі уақытта үйде ешкімнің болмағанын байқап, арам ойын іске асырғаны белгілі болды. Сезікті терезе арқылы үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырып, жартысын белгісіз біреуге сатып, қалғанын ломбардқа өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Ұрлықтың аты — ұрлық. Ешқандай сылтау ұрлықтан келетін шығынның орнын толтырып, жазасын жеңілдетпесі анық. Полицейлер ломбардқа өткізген алтынды айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: үй-жайларыңызға, жеке ғимараттарыңыз бен нысандарға мықты құлып орнатып, бейнекамералармен жабдықтаңыздар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*