Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жазғы демалыс лагерлерінде профилактикалық іс-шаралар өтті

Жазғы демалыс лагерлерінде профилактикалық іс-шаралар өтті

Полицейлер жазғы демалыс лагерлерінде профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Маусым айынан бастап балалардың жазғы демалысы басталды. «Балалар жылына орай» жасөспірімдер демалыс орындарына, лагерьлерге көптеп жіберілуде. Ал олардың қауіпсіздігі қашанда полицейлердің бақылауында.
Осыған орай Түлкібас АПБ қызметкерлері сауықтыру лагерінің әкімдіктері мен психологтармен бірлесіп жаздық сауықтыру лагерлерінде демалып жатқан 1550 жасөспіріммен профилактикалық шара жүргізді. Олардың ішкі тәртіпті қатаң сақтап, суға шомылу, тауға өрмелеу ережелерін бұзбау керектігі түсіндіріліп, спорт алаңдарындағы қауіпсіздік нұсқаулықтарымен егжей-тегжейлі таныстырылды.
Тәртіп сақшылары балаларға сауықтыру лагерінде бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, бір-бірін балағаттамау, заңға қайшы әрекеттерге бармау керектігін қатаң ескертті.
Соынмен қатар, түркістандық полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.
Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес 27-29 маусым аралығында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын-алу, түнгі мезгілде көшеде жүру ережелері, бала еңбегін пайдалану деректерін анықтау.
Профилактикалық шара кезінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта аудан аумағындағы адам көп шоғырланатын жерлерді, көлік жуу орталығын, базарларды барып тексерді.
Тәртіп сақшылары ата-аналар мен балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға түнгі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүрмеуін қадағалап, балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың жүріс-тұрысын үнемі бақылауда ұстау және түнгі уақытта көшеге жібермеуге кеңес берді. Себебі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың басым бөлігі түнгі уақытта орын алады.
Айта кететін жайт бұл бағыттағы шаралар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*