Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістанда «Автобус» іс-шарасы өтуде

Түркістанда «Автобус» іс-шарасы өтуде

«Автобус» іс-шарасының бір тәулігінде 330-дан астам құқық бұзушылық анықталды, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көлік жүргізушілерінің көлік тәртібін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның бір күндік нәтижесінде Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полицейлерімен 331 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл рейдтік шара ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 4 шілдесі аралығына дейін жалғасады. Мақсаты- қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жолдардағы апаттылықты азайту. Жүргізушілерде тиісті құжаттардың болуына, рейс алдында медициналық тексеруден өткізуге және олардың еңбек, демалыс режимін сақтауына, сондай-ақ заңсыз қайта жабдықтау мен басқа да заң бұзушылық деректерін анықтауға ерекше назар аударылды.
Жедел-профилактикалық шара кезінде жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзудың 50, заңсыз қайта жабдықтаудың 22, жүргізушілердің рейс алдында медициналық тексеруден өтпеуінің 8 жайты анықталды.
Сондай — ақ рейдтік жұмыстар барысында қарсы жолаққа шығудың -2, маневр жасау қағидаларын бұзудың -56, жылдамдық режимін асырудың -6, көлікті басқару кезінде мобильді құрылғыларды пайдаланудың — 72, техникалық байқаудан өтпеудің — 40, сақтандыру полисі болмауына қатысты 10 дерек анықталды. Айыптұраққа 9 қоғамдық көлік қойылды.
Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, мұндай іс-шаралар қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайтуға ықпал етеді және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*