Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер көші-қон заңын бұзған 1000-ға тарта азаматты анықтап, 79 шетелдікті елден аластатты

Полицейлер көші-қон заңын бұзған 1000-ға тарта азаматты анықтап, 79 шетелдікті елден аластатты

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, өңірге заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Түркістан облысының полицейлерімен аталған профилактикалық шараның 4-тәулігінде Қазақстан Республикасына келу, болу және кету Ережелерін бұзған 949 шетелдік пен ел азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 670-і шетелдік, 279-ы Қазақстан Республикасының азаматтары. Ал 79 шетелдік сот шешімдерімен ел аумағынан аластатылды.

Бұдан басқа 151 шетелдіктің Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімдері қысқартылса, 25 шетелдік қабылдап-тарату мекемесіне орналастырылды.

Ал өзге елдің азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен -225, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған — 44 Қазақстан азаматы анықталып, ӘҚБтК-нің 518-бабы «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы», 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Республиканың заңнамасын бұза отырып тарту»  талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар сарыағаштық полицейлермен ҚР ҚК-нің 392-бабымен 1 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*