Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Түркістан облысында ардагер полицейлер арасында волейболдан жарыс өтті

Түркістан облысында ардагер полицейлер арасында волейболдан жарыс өтті

«Өлі риза болмай, тірі байымас» деген аталы сөзді арқау еткен Түркістан облысының полицейлері әрдайым өмірден өткен қызметтестерін еске алып, тіпті солардың атынан спорттық жарыстар өткізіп отырады. Мәселен Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Темірландағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Ішкі істер органдарының ардагерлері арасында «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына орай және өмірден өткен әріптестері Нұржан Дәрмекбайұлы Асыловты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.
Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев, отставкадағы милиция полковнигі Құдияр Ибраев, отставкадағы полиция полковнигі Бақыт Маликов сөз алып, турнирді ашып берді. Олар Н.Асыловтың өмір жолына тоқталып, оның қалдырған өнегесі кейінгі ұрпақ үшін үлгі екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар оның қызмет саласындағы жетістіктерін айта отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Одан бөлек маңызы зор шараға Ордабасы АПБ-нің ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Ғалымжан Сыздықов, команда құрамын басқарып келген, яғни Созақ, Бәйдібек, Отырар, Арыс АПБ-нің ардагерлері, Н.Асыловтың әкесі Дәрмекбай қария қатысты. Жарыс ұйымдастырушылары қатысушыларға алғыстарын айтты. Осыдан соң аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев бірқатар ардагерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Сондай-ақ Ордабасы АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бақытжан Маханбетов, қылмыстың алдын алуда қырағылық танытқан бірқатар полиция қызметкерлерге өз марапаттарын табыстады.
Ал спорттық доданың нәтижесі бойынша І-орынды Ордабасы АПБ-нің ардагерлер командасы, ІІ-орынды Созақ АПБ-нің ардагерлері қанжығаларына байлады. ІІІ- орынды Арыс АПБ-нің ардагерлері иеленді. Жеңімпаз командалар кубок, медальдар, мақтау қағаздары, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жиын соңында қаза болған ардагердің әруағы үшін құран оқытылып, ас берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*