Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Полицейлер сала мамандарын қатыстыра отырып, онлайн кездесу өткізді

Полицейлер сала мамандарын қатыстыра отырып, онлайн кездесу өткізді

«Жақсы әдеттер марафоны!» ұлттық бағдарламасы аясында, «Қарасу» бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталықтың қызметкерлеріне вебинар өткізілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған онлайн форматтағы сабаққа Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы Қарабұлақ емханасының психиатр-нарколог дәрігері Дина Аитова, полиция аға лейтенанты Әділет Әметбеков, сондай-ақ, Сайрам ауданының имамы қатысты.

Негізгі мақсат — есірткі заттарын қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, өзіне және басқаларға саналы және жауапкершілікті қарым-қатынасты қалыптастыру, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Сонымен қатар, шара барысында дәрігерлер мен медбикелерге «Жеңістеріңнің төрт кілті», «Қорқудың қажеті жоқ, білу маңызды» деген тақырыптарда сабақ өтіліп, ақыл-кеңестер берілді.

Яғни балалармен жұмыс істеу кезінде оларға кімде-кім есірткі затын ұсынса бірден заңмен тыйым салынған заттарды қолданудан  бас тарту дағдыларын үйрету керектігі туралы ақпарат берілді.

Дәл осындай тақырыппен Дінмұхамед Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттеріне де вебинар өткізілді.

Бұл онлайн форматтағы дәріске Түркістан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері Азиза Таспауова, сондай-ақ, еріктілер тартылды. Мұнда да қатысушылармен кері байланыс орнатылып, түрлі пікірлері тыңдалды.

Вебинар соңында еріктілер, студенттерді денсаулықты сақтайтын мінез-құлыққа, өнер-білім алуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға шақырып, Құрманғазының асыл мұраларының бірі «Балбырауын» күйін орындады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*