Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Сайрамдық сақшылар үш күнде жол ережесін бұзған 66 көлікті анықтады

Сайрамдық сақшылар үш күнде жол ережесін бұзған 66 көлікті анықтады

Сайрам аудандық Полиция басқармасының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш тәулігінде 245 (екі жүз қырық бес) әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 21 жайт, ал 606-бабы «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» бойынша 2 жайт, сондай-ақ,  600-бап «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу» бойынша 2 жайт, ал 591-баппен « Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» 9 құқық бұзушылық тіркеді. Сонымен қатар, оларға қатысты хаттама толтырды.

Сондай-ақ, жедел-профилактикалық шараның 3 күнінде жол ережесін бұзған 66 көлік анықталды. Ресей Федерациясының 1 автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Сонымен қатар аудан бойынша жыл басынан бері 1000-нан астам Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерге қатысты түрлі баптармен жауапкершіліктері қаралған. Оның ішінде  200-ден астамы айыптұраққа қойылған.

Тағы айта кетер жайт, Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға, сондай-ақ, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жол қателіктерді кешірмейді! Жолда жүргенде абай болыңыздар!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*