Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Полицейлер суға шомылу маусымында тұрғындарға ескерту жасады

Полицейлер суға шомылу маусымында тұрғындарға ескерту жасады

Жаз мезгілі балалар үшін мамыражай уақыт. Әсіресе демалыс кезінде суға шомылу оларға ерекше көңіл-күй сыйлары сөзсіз. Алайда жасөспірімдердің тарапынан суға түсу кезінде ережелерді сақтамай, келеңсіз жағдайлар орын алып жататыны рас. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерінің де жұмысы күшейе түседі.

Мәселен, Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданның 140 шақырым жерін басып өтетін Сырдария өзені және аудан орталығындағы Арыс өзені мен каналдарға, сондай-ақ, белгіленбеген орындарға, су айдындарына, суға шомылуға тыйым салынған жерлерге рейдтік жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара кезінде ереже бұзған 30 тұрғынға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша хаттама түзді.

Сонымен қатар аудандық тәртіп сақшылары  23 тұлғаға ескерту жасап, шомылуға келген жасөспірімдерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне қайтарды. Балаларға суға шомылуға арналған жерлерге ата-анасымен бірге келуге кеңес беріп, тыйым салынған жерлерге бармау туралы қатаң түрде ескерту жасады.

Айта кету керек, жазғы маусымда адамдардың суға ағып кету, адам өлімімен ұштасқан оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ, оны болдырмау мақсатында, тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

Құрметті тұрғындар! Жаз мезгілінің шомылу маусымында қатаң ережелерді сақтауға, сонымен қатар, ескертпелерді ескеруге шақырамыз! Өз өмірлеріңізге қауіп төндіретін, сондай-ақ, тиым салынған аймақтарға бармауға кеңес береміз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*