Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БАЛА ҮШІН АТА-АНА ЖАУАПТЫ

БАЛА ҮШІН АТА-АНА ЖАУАПТЫ

Жаз мезгілі балалар үшін мамыражай уақыт. Оларға суға шомылу ерекше көңіл күй сыйлары сөзсіз. Алайда жасөспірімдердің тарапынан суға түсу ережесін сақтамай, келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейе түседі. Мәселен, Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданның 140 шақырым жерін басып өтетін Сырдария өзені және аудан орталығындағы Арыс өзені мен каналдарға, белгіленбеген орындарға, су айдындарына, суға шомылуға тыйым салынған жерлерге рейдтік жұмыстар жүргізді, – делінген департаменттің таратқан мәліметінде. Шара кезінде ереже бұзған 30 тұрғынға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 364-бабы (ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама түзді.

Сонымен қатар полицейлер 23 тұлғаға ескерту жасап, шомылуға келген жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне қайтарды. Балаларға суға шомылуға арналған жерлерге ата-анасымен келуге кеңес беріп, тыйым салынған жерлерге бармау туралы қатаң ескерту жасады. Жалпы қай уақытта кәмелеттік жасқа толмаған бала үшін ата-ана жауапты. Жазғы маусымда адамдардың суға ағып кету, адам өлімімен ұштасқан оқиғалардың алдын алу, оны болдырмау мақсатында, тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

Сонымен бірге маусым айынан бастап балалардың жазғы демалысы басталды. Жасөспірімдер демалыс орындарына, лагерьлерге көптеп жіберілуде. Ал олардың қауіпсіздігі қашанда полицейлердің бақылауында. Осыған орай Түлкібас аудандық Полиция бөлімі қызметкерлері сауықтыру лагерінің әкімдіктері мен психологтарымен бірлесіп, жаздық сауықтыру лагерьлерінде демалып жатқан 1550 жасөспіріммен профилактикалық шара жүргізді. Олардың ішкі тәртіпті қатаң сақтап, суға шомылу, тауға өрмелеу ережелерін бұзбау керектігі түсіндіріліп, спорт алаңдарындағы қауіпсіздік нұсқаулықтарымен егжей-тегжейлі таныстырылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары балаларға сауықтыру лагерінде бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, бір-бірін балағаттамау, заңға қайшы әрекеттерге бармау керектігін қатаң ескертті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*