Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Полицейлер рейдтік шара кезінде мал ұрлап бара жатқан күдіктіні ұстады

Полицейлер рейдтік шара кезінде мал ұрлап бара жатқан күдіктіні ұстады

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» бойынша рейдтік шара жүргізу кезінде, мал ұрлап бара жатқан ер адамды қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Толығырақ айтар болсақ, түнгі уақытта рейдке шыққан полицейлер сағат 03:00 шамасында өздеріне күдік тудырған «Ауди 100» маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатады. Алайда көлік жүргізушісі заң талаптарына бағынбай, ізін жасыру мақсатында қашпақшы болған. Дегенмен  полицейлер дер кезінде автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің артқы орындығынан ірі қара мал табылды.

Анықталғандай, сиыр ұрланған болып шықты. Ол сол уақытта жергілікті тұрғынның малын ұрлап, үйіне апармақшы болған. Алайда ойлаған ойы жүзеге аспай, ұрлаған бөтеннің мүлкі айғақты зат ретінде тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде мал ұрлығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі ауыл-аймақтағы халқымыздың күнкөріс көзінің бірден-бір өзегі ол – мал шаруашылығы. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің бейнеттеріңізбен тапқан малдарыңызды барымташылардың қолына оңай түспеуі үшін, еркін жайылымдарда қараусыз қалдырмауларыңызды ескертеді. Сонымен қатар, тұрғындарды жеке мүліктеріне сақ болуға шақырады. Егер де, сіз, ұрлық қылмысына тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*