Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Гашиш» есірткісін заңсыз сақтаған жас жігіт ұсталды

«Гашиш» есірткісін заңсыз сақтаған жас жігіт ұсталды

Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне мекемелердің бірінің басшысының тарапынан хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада мәлім болғандай оның қызметкерінің бірі есірткі затын пайдаланатыны туралы айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан түскен «Parlament» темекісінің қорабында ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас өсімдік табылды. Сондай-ақ оның жеке басына тінту жұмыстары жүргізіліп жатқан сәтте сырт киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат шықты. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «гашиш» есірткісі екендігі белгілі болды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдікті азаматтың бұған дейін де бірнеше рет сотты болғандығы туралы анықтады. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ, заң алдында жауапқа тартылатыны туралы қатаң түрде ескертеді. Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратады, оны қолданған адам есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Есірткіге жол жоқ!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*