Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Сарыағаштық полицейлер пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады

Сарыағаштық полицейлер пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі бірдей тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағымда белгілі болғандай, жәбірленуші ер адамның танысы «жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден екі бөлмелі пәтер алып беремін» — деп, 300 000 теңге ақшасын алып қайтармай қойған. Ал екінші әйел өз арызында алаяқ «Шымкент қаласынан үй алып беремін» — деп, 450 000 теңге ақша алғанын көрсетті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары жедел түрде іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Бұл жайтқа қатысы бар күдікті жергілікті тұрғын әйел адам болып шықты.

Сонымен қатар, тексеру кезінде  күдікті бірнеше жыл өтіп кетсе де берген уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүргені анықталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшаны, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері  таныс және бейтаныс адамдарға ақшаға қатысты шешімдерді сақтық шараларын сақтай отырып қабылдауға кеңес береді. Сонымен қатар күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға банк шот нөмірін бермеуді сұранады. Өзге адамға сенер алдында толықтай зерттеп алып, шешім қабылдауға шақырады. Сондай-ақ, алаяқтыққа қатысты дәлелді айғақтарыңыз болса полицияның 102 телефон нөміріне хабарласыңыздар. Тәртіп сақшылары жедел түрде, сенімді әрекет жасайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*