Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер көршісінің  үйіне ұрлыққа түспек болған жас жігітті ұстады

Полицейлер көршісінің  үйіне ұрлыққа түспек болған жас жігітті ұстады

Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арызданушы ер адамның айтуынша, түнгі сағат 04:30 шамасында оның үйіне белгісіз біреу ұрлыққа түспек болғанын, алайда үй иесін көрген ұры ойға алғанын жүзеге асыра алмай, қашып кеткенін жеткізді. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Сонымен қатар, хабарлама келіп түскен сәттен бастап тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына дер кезінде келді. Полицейлер тұрғын үйден айғақты зат ретінде күдіктінің аяқ киімін тапты. Сақшылар үйге ұрлыққа түспек болған адамды анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, жедел-іздестіру шараларын атқарды.

Полицейлердің тиянақты әрі жеделді жұмыстарының арқасында осы қылмысқа қатысы бар жас жігіт ұсталды. Ол арызданушының көршісі болып шықты. Күдікті тұрғындардың ұйықтап жатқан уақытында үйге терезе арқылы кірген. Сезікті азамат өзіне қажетті заттарды ұрлау үшін кіріп, алайда тұрғындардың ұйқыдан оянғанын байқап, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлерге, дүкендерге, ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар сыртқы есікті құлыптап жатуды ескертеді. Егер де осындай жағдай орын алған болса дер кезінде полицияның 102 телефон нөміріне хабарласыңыздар. Ұрлық әрекетіне бару заң алдында қаралып, қатаң түрде жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*