Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды бейнебақылау камерасының көмегімен ұстады

Полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды бейнебақылау камерасының көмегімен ұстады

Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағымданушы ер адамның айтуынша, жанармай құю бекетінің алдында  белгісіз ер адам оны ұрып-соққан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Сонымен қатар, хабарлама келіп түскен сәттен бастап тәжірибелі тәртіп сақшылары бұзақылық жасаған ер адамды ұстау үшін жүйелі жұмыстарды жүзеге асырды. Олар көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Полицейлердің тиянақты әрі жеделді жұмыстарының нәтижесінде  бұзақылық жасаған ер адамды ұстады. Ер адам жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Яғни ауылдас 2 жігіт жанармай құю бекетінің алдында сөзге келіспей, жанжалдасып қалған.

Салдарынан бірі екіншісін ұрып-соғып, оқиға орнынан  қашып кеткен. Бұл оқиға толығымен жанармай бекетінің сыртында тұрған бейнекамераға жазылған. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға адамдар арасындағы түсініспеушілік кезінде сабыр сақтауға шақырады. Әрбір әрекет үшін заң алдында жауап беретінді де үнемі еске салады. Егер де осындай жағдай орын алған болса дер кезінде полицияның 102 телефон нөміріне хабарласыңыздар. Қоғамда келеңсіздік тудыратын әрекеттер заң алдында қаралып, қатаң түрде жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*