Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Учаскелік полиция инспекторлары «Қауіпсіз қала» іс-шарасы барысында ескертпе қағаздарын таратты

Учаскелік полиция инспекторлары «Қауіпсіз қала» іс-шарасы барысында ескертпе қағаздарын таратты

Түркістан – туристік аймақ. Сондықтан бұл мекен жергілікті тұрғындармен қатар,  алыс-жақын шетелдерден, еліміздің басқа өңірлерінен келетін қонақтар үшін қауіпсіз болуы тиіс. Осы мақсатта Түркістан қаласының полиция басқармасына жаңадан тағайындалған басшы, полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев жеке құрамға нақты  тапсырмалар берді. Бірінші кезекте түсіндіру жұмыстарына басымдық берілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Яғни Түркістан қалалық Полиция басқармасында қызмет ететін барлық учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық «Қауіпсіз қала» іс-шарасын ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары өздеріне бекітілген аумақтағы әрбір ойын-сауық орындары, дүкендерде, сауда орталықтарына арнайы кіріп, мүлікті қорғау, ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық қылмыстарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түрлі кеңестер жазылған ескертпе парақтарын таратты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары адамдар көп шоғырланатын орындарға жаднамалар жабыстырды.

Одан бөлек бөтеннің мүлкін ұрлау белең алып отырғандықтан, түркістандық полицейлер бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстарын қарқынды іске асыруда. Ескертпе қағаздарында бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз, бейнебақылау камераларының бірін көшеге қаратып орнатыңыз, қандай да бір ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияға бірден хабарласыңыз деген кеңестер жазылған.

Осы тұста ескертеміз: Сіз үйіңізден, кәсіптік мекемеңізден шығар кезде есіктер мен терезелерді жауып, өз мүлкіңізге мұқият болуға шақырамыз. Автокөліктердің де есіктерін кілттеп жүруді естен шығармаңыздар. Сіз, осы қарапайым қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, ұрлықтың алдын аласыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*