Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Техникалық  тауар сататын  дүкенге ұрлыққа түскен үш азамат ұсталды

Техникалық  тауар сататын  дүкенге ұрлыққа түскен үш азамат ұсталды

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция басқармасына жергілікті   тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен,  деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағымданушының өз арызында, белгісіз біреулердің дүкеніне  ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алған сәттен бастап тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге келіп жетті. Содан соң полицейлер әккі ұрылардың   дүкенге  кіріп,  6 дана  ұялы телефон, 3 дана  ноутбук пен  оның 2 дана  дискісін жымқырғандарын анықтады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Дүкен иесіне   келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион  теңгені құрайды.

Сонымен қатар, бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы,  күдікті ретінде 3 ер  азамат анықталды. Яғни күдікті  3-еу  қылмысты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған.

Олар таңғы  сағат 05:30 шамасында дүкенге терезе арқылы кіріп, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бүгінде сезіктілерден айғақты зат ретінде  ұрланған барлық техникалық заттар  алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған ұсталғандар  қамауға алынып,  оларға  қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болып сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылық пен  жауапкершілікпен қарағанда ғана, мұндай жағдайларды азайтуға болатынын ұмытпаңыз. Егер де осындай жағдай орын алған болса дер кезінде полицияның 102 телефон нөміріне хабарласыңыздар. Ұрлық әрекетіне бару заң алдында қаралып, қатаң түрде жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*