Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Құны 16 миллион теңгеден асатын ұсақ малдарды сатып жіберген қойшы ұсталды

Құны 16 миллион теңгеден асатын ұсақ малдарды сатып жіберген қойшы ұсталды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағымданушы ер адамның айтуынша, ол өзі басқарып отырған жайылымдық жердегі қойшыға асыл тұқымды малдарын сеніп тапсырған. Алайда, мал басын түгелдеуге барғанда, олардың толық емес екендігін байқаған. Осылайша жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 380 000 теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Сонымен қатар, хабар келіп түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл шықты. Полицейлердің жүргізген тиянақты әрі жеделді жұмыстарының нәтижесінде, аталмыш қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің қой бағып жүрген жұмысшысы ұсталды. Ол Арыс ауданының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, сезікті ер адам өткен жылдан бері 230-дан астам ұсақ малды 4-5-еуден сатып, түскен қаржыны бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауға кірісті.

Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауға кеңес береді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше малды таңбалап, сырғалап, сондай-ақ, ен салдыру керек. Егер, сіз де, малыңызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз, тез арада полицияның 102 телефон нөміріне хабарласыңыз. Ұрлық әрекетіне бару заң алдында қаралып, қатаң түрде жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*