Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан полицейлері жоғалған 10 жасар  жасөспірімді  тауып, үйіне қайтарды

Түркістан полицейлері жоғалған 10 жасар  жасөспірімді  тауып, үйіне қайтарды

Түркістан қаласы полиция басқармасына күндізгі сағат 10:30 шамасында жергілікті тұрғын әйел  102 сымтетігі арқылы хабарласқан, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша 10 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ анасының өз баласын іздеп жүргеніне 3 тәулік болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Түркістан қаласы полиция басқармасының қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Сондай-ақ, жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Қала  көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Түркістан қаласында досымен бірге жүрген жерінен тапты.

Белгілі болғандай, жоғалған бала отбасындағы жанжалға байланысты үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

«Баламның із-түзсіз жоғалып кеткеніне 3 күн болды. Өзіміз іздеп, таппаған соң полицейлерге хабарластық. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді.  Түркістан қаласының полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын!» — деді ол.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз балаларын қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ, балалардың кәмелет жасына толғанға дейін ата-ана жауапкершілігінде екенін ескертеді. Егер де осындай жағдай орын алған болса дер кезінде полицияның 102 телефон нөміріне хабарласыңыздар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*